Жақында! Жаңа GWM POER
GWM Poer — Haval Kazakhstan дистрибьюторының модельдік желісіндегі жаңа пикап.
Бұл модель әртүрлі жағдайларда — қалалық ортадан бастап, ауыр жолсыздық пен логистика, құрылыс және агробизнес салаларындағы жұмыс міндеттеріне дейін пайдалануға бейімделіп жасалған.
Қазақстан нарығында бұл модельдің сатылымы 2025 жылдың мамыр айының бірінші жартысына жоспарланып отыр.
GWM Poer — практикалық пен жайлылықты үйлестірген оңтайлы техникалық сипаттамаларға ие.
Қозғалтқыштың техникалық сипаттамалары:
- көлемі: 1967 см³, турбонаддув
- цилиндрлер саны: 4
- максималды қуаты: 218 а.к.
- максималды айналу сәті: 380 Нм (1800–3600 айн/мин аралығында)
- беріліс қорабы: 8 сатылы автомат (ZF Friedrichshafen AG)
Негізгі техникалық сипаттамалар:
- жетек түрі: толық жетек (Torque on demand, TOD)
- артқы дифференциалдың блокталуы
- жанармай багының көлемі: 78 литр
- көлік өлшемдері: 5416 × 1947 × 1884 мм
- жүк платформасының көлемі: 1520 × 1520 × 538 мм
- жүк көтергіштік: 975 кг-ға дейін
Poer пикапының сыртқы келбеті — қарапайым әрі қатаң дизайнмен орындалған, басты назар — практикалық пен сенімділікке бағытталған.
Кузовтың бес түрлі түсі қолжетімді: ақ, қара, сұр, көк және қызыл. Салон екі түсте ұсынылады: қара және терракота.
Жаңартылған дизайндағы кең радиатор торы көлікке сенімді келбет беріп қана қоймай, қозғалтқышты тиімді салқындатуға көмектеседі.
Шатырдағы рейлингтер қосымша жүк жүйелерін орнатуға мүмкіндік береді. 18 дюймдік жеңіл қорытпалы дискілер әртүрлі жол жамылғысында тұрақты жүрісті қамтамасыз етеді.
Светодиодты жарықтар автоматты алыс жарық басқару жүйесімен және бұрылыс жарықтандыру функциясы бар тұманға қарсы шамдармен жабдықталған. 232 мм клиренс 500 мм тереңдікке дейінгі өткелдерден өтуге мүмкіндік береді.
Күшейтілген алдыңғы және артқы бамперлер жолсыз жерлерде жұмыс істеуге арналған.
Жанындағы бекітілген баспалдақтар көлікке отыруды жеңілдетсе, артқы борттағы жиналмалы баспалдақ жүк бөліміне ыңғайлы қолжетімділікті қамтамасыз етеді.
Poer салоны күнделікті пайдалану үшін эргономика мен жайлылыққа бағытталған.
Климат-бақылау, орындықтар мен рульдің және алдыңғы әйнектің жылыту жүйелері кез келген маусымда, әсіресе Қазақстанның әртүрлі климаттық жағдайында жайлы сапарды қамтамасыз етеді.
7 дюймдік сандық құралдар панелі маңызды ақпаратқа ыңғайлы қол жеткізуді ұсынса, 12,3 дюймдік орталық сенсорлы дисплей — CarPlay және Android Auto жүйелерін қолдайтын толыққанды мультимедиа орталығы.
Алдыңғы орындықтар электрлі реттеліп, желдету жүйесімен жабдықталған — бұл ұзақ сапарларды барынша жайлы етеді.
Қауіпсіздік жүйелері.
Автокөлік 360 градус шолу камералары мен бірқатар жүргізуші көмекшілері бар заманауи қауіпсіздік жүйелерімен жабдықталған.
Бұл көлік — белсенді өмір салтын ұстанатын, жайлылық пен қауіпсіздікті бағалайтын, жолсыз жерде де еркін қозғалғысы келетін адамдар үшін таптырмас таңдау. Сонымен қатар, жеке шаруашылықта немесе бизнес мақсатта сенімді көмекші бола алады.
Жаңалықтарымызды бақылап отырыңыз және алғашқылардың бірі болып тест-драйв пен толық ақпаратқа қол жеткізіңіз!